«Ақтөбе» дайындығын жандандырды
03.Июн.2022
Қысқамерзімдік демалыстан шыққан ақ-қызылдар жаздың алғашқы күнінен бастап мейлінше толық құрамда жаттығып жүр.
Тек Қазақстан ұлттық құрамасының сапындағы Темірлан Ерланов, Рамазан Оразов, Максим Самородов және Арман Кеңесов қана бүгін Әзірбайжанға қарсы өтетін Ұлттар лигасы аясындағы матчқа даярлануда. Сондай-ақ қорғаушымыз Йоахим Адукор да Либерия құрамасы қосынында.
Капитан Юрий Логвиненко (жарақат), қақпашы Стас Покатилов (отбасылық жағдай) пен Әлібек Қасым (бапкерлік штаб шешімі) әртүрлі себептерге байланысты ұлттық команданың алдағы ойындарына қатыспайды.
Негізгі құрамға Диас Андырмаш, Досжан Сәбитов және Диас Оңдасынов сияқты жастарымыз тартылып жатыр. Жуық арада ақтөбеліктер маусым қайта жанданғанға дейін Алматыда қысқа оқу-жаттығу жиынын өткізеді деп күтілуде.
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі