«Ақтөбе» Конференция лигасының бірінші кезеңінде “Сараевомен” кездеседі

18.Июн.2024

Швейцарияның Ньон қаласында жаңа ғана УЕФА Конференция лигасы алғашқы іріктеу кезеңінің жеребесі аяқталды.

Оның қорытындысы бойынша «Ақтөбе» биылғы еурокубоктік жорығын босниялық “Сараево” клубына қарсы бастайды.

Алғашқы кездесу 11 шілде күні Ақтөбеде, ал қарымта ойын 18 шілдеде Босния және Герцеговина астанасында өтеді.