Виталий Жуковский: «Бізде «Ақтөбенікіндей» екі құрам жоқ»
17.Апр.2023
Виталий Жуковский: «Бізде «Ақтөбенікіндей» екі құрам жоқ»
«Атырау» бас бапкері «Ақтөбемен» өткен кездесу (0:4) жайлы түсініктеме берді.
— Ірі есеппен ұтылғанымызға разы емеспіз, әсіресе дербиде. Бірақ қарсыласымыз чемпиондыққа таласып жатқан команда екені түсінікті. Оларда жақсы футболшылардан құралған екі бірдей құрам бар. Ротациясы да мықты, бапкерлік штабы дер кезінде шешімдер қабылдады. Алайда біз жаман ойнадық дей алмаймын. Дегенмен шабуылға шабуылмен жауап қататын ойында шебер ойыншыларға қарсы жеңімпаз болып шығу қиын. Бірінші гол да жеке бастың шеберлігі арқасында салынды. Соған қарамастан алғашқы таймды ойдағыдай аяқтадық деп ойлаймын. Козлов бірге-бір шығып, гол сала алмады. Ал екінші таймда біз жеңіске ұмтылған сәтте, тағы да қарсылас ойыншысы көзге түсті. Екі мәрте айып алаңының сыртынан бір бұрышқа екі рет теуіп салу — шеберлік. Әдемі голдар! Бұл жолы «Ақтөбеге» сәттілік көбірек жолдас болды. Бізге сырт алаңда ұтудың сәті түспеді. Енді ұнжырғамызды түсірмей, кубоктік ойынға дайындалу қажет. Иә, бізде «Ақтөбенікіндей» екі құрам жоқ. Бірақ бұл қазақстандық ойыншыларға арналған мүмкіндік деп ойлаймын. Алаңға шығып, өздерін көрсетсін. Себебі Хусрав Тоиров сияқты ойыншылар бізге күнде ауыса бермейді. Филипович? Ол қазір «Ақтөбе» футболшысы, сондықтан да бірдеңе деуім әбестік болар. Бірақ Андрия бүгінде біздің сапымызда болса, әрине, соққан голдарымыз әлдеқайда көп болатынына сенімдімін. Ол былтыр бізге біршама көмектесті. Біз оны құрметтейміз және жақсы көреміз. «Атырау» ойнында неге құлдырау бар? Себебі қақпашы құтқармай жатыр, ал шабуылшылар доп салмайды. Кубокте жас жігіттерді шығарып, ротация жасап көреміз. Бүгін Жұматовты латераль есебінде пайдаландық, себебі Нәбиханов дисквалификациясына байланысты қатыса алмады. Ал «Ақтөбе» ротация жасаса да, әлсіремейтіні анық.