Вячеслав Левчук: «Егер команда үш матч қатарынан соңғы минуттарда гол жіберіп жатса, бұл жерде менің де кінәм бар»
15.Июн.2025
– Екінші матч қатарынан бізде сан жағынан басымдық болды, гол соқтық, бірақ өзімізге өзіміз зиян келтірдік: бүгін – тең есеппен аяқталды. Біз гол жібергенге дейін қақпамызда бірде-бір қауіпті, өткір сәт есімде жоқ. Матч қалай өрбігенін ескерсек, соңында құтқарып қалғаны үшін Андрейге рахмет – тағы бір гол жіберіп ала жаздадық. Әрине, егер команда үш матч қатарынан соңғы минуттарда гол жіберіп жатса, бұл жерде менің де кінәм бар. Футболшылардың концентрациясы жетіспейді, соңғы секундтарда гол жіберіп алады… Қазір жағдай осылай.
Шынын айтқанда, бізде жарақат алған ойыншылар көп. Алдағы күндері жігіттер қатарға оралады деп үміттенемін. Сейдахметтің оңалту кезеңі түсініксіз себептермен тым ұзап кетті. Алибекті кемі екі аптадай жалпы топтан көрмейміз деп ойлаймын. Тәнжарықов Әділхан бір апта ішінде жалпы топпен жаттығуға кіріседі деп үміттенеміз. Шағын демалыстан кейін Амаду Думбия оралды – дене қызуы 38. Мұндай жағдайда науқас ойыншыны матчқа алып шығудың еш мәні жоқ.