Вячеслав Швырёв — “Ақтөбе” ФК ойыншысы
02.Июл.2025
Қазақстандық жартылай қорғаушы Вячеслав Швырёв “ақ-қызылдар” сапын толықтырды. Ойыншы өз мансабында “Қайрат”, “Ақжайық”, “Ордабасы” клубтарының сапында ойнаған. Сонымен қатар Қазақстан жастар құрамасында да доп теуіп үлгерді.
Клуб ұжымы Вячеславқа зор сенім білдіріп, команда сапында сәтті ойын тілейді.