Ернар Жалбыров: Біздің голды санауға болар еді

07.Июл.2024

“Ақтөбе” жастар командасының аға бапкері Лига Кубогі аясындағы қостанайлық “Тобылға” қарсы ойынды (0:2) қорытындылады.

— Ең алдымен, Лига Кубогінде ойнауға мүмкіндік берген клуб басшылығына алғыс білдіремін. Біздің жастар мұндай жоғары деңгейдегі жағдайға алғаш рет тап болды – үш күн сайынғы ойын және VAR дегендей. Көрсеткен жігері мен ойны үшін өз жігіттеріме рақмет айтамын. Қарсылас жартылай негізгі құрамын легионерлермен қоса шығарса, біз толықтай өз түлектерімізбен алаңға шықтық. Бірақ жігіттерді бұл жайт састырған жоқ. Жақсы ойнап шықтық, гол соғатын мүмкіндіктеріміз де болды. Бірінші таймда концентрацияны жоғалтып, доп жіберсек, екінші таймның басында шаршаңқы көріндік. Себебі “Каспиймен” өткен ойын әсер етті. Алайда басқа голдан соң екінші тынысымыз ашылып, батылырақ ойнай бастадық. Гол салдық. Төрешілер оны есепке алмады. Біздің ойымызша, ол эпизодтағы фол ойынды жалғастыруға еш кедергісін келтірмеді және голды санауға болар еді.