Жайро Жан: «Біз болмашы қателіктерге жол бердік»
15.Июн.2025
– Біз сырт алаңда ойнағанымызды білдік, қарсылас соңғы уақытта жақсы формада жүр. Бұл күндері оларды жіті бақыладық. Соған қарамастан, олар есепті теңестіре алды. Енді назарымызды жексенбі күні «Астанаға» қарсы өтетін келесі ойынға аударуымыз керек. Бұл – біз үшін өте маңызды матч болмақ.
Мұндай сәттер футболда болады. Біз болмашы қателіктерге жол бердік – енді соны түзетуіміз керек. Қарсылас сан жағынан кем қалған сәттерде басымдықты пайдаланып, қорғаныста зейінді болуымыз қажет. Бұл – ретке келетін дүниелер. Сондықтан басымызды тік ұстап, жұмысымызды жалғастырамыз.