Жайро Жан: «Бірінші орыннан үміт үзе қоймадық»

05.Окт.2024

– Біздің команда үшін ойын ауыр басталды. Біз бұл ойынның “класикомен” бірдей екенін және қиын болатынын білдік. Құдайға шүкір, біз өзіміз ойлаған нәтижеге қол жеткізе алдық және бұл жеңістен ләззат алғымыз келеді. Әрине, жанкүйерлеріміз қарсыласқа көп қысым жасады және біз де бұл орайда тәуекелге бел будық. Себебі есеп 0:1 кезінде біз шабуылға иек артып, өз алаңымызда ұтылмауымыз керек екенін және әлі де болса чемпиондықтан үмітті екенімізді түсіндік. Асылық қылмаймыз. Тәубе, әйтеуір ақыр соңында біз жеңіске жеттік және әзірге бірінші орыннан үміт үзе қоймадық. Әлі үш матчымыз бар және әр ойында біз діттеген нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз. Соңына дейін таласамыз.