Марат Хайруллин – “Ақтөбе” ФК жаңа спорт директоры

04.Авг.2025

Ақтөбе ФК спорт директоры болып команданың аңыз ойыншысы Марат Наильевич Хайруллин тағайындалды. Енді спорттық бағыттағы мәселелерді қатаң бақылауына алып, команданың жандануына үлес қоспақ.

Марат Хайруллин – “Ақтөбе” футболының аңызына айналған ойыншы. “Ақ-қызыл” жейдеде 2007 жылдан 2015 жылға дейін доп тепті. Команданың құрамында 224 ойынға қатысып, 62 голымен бомбардирлер тізімінің көш басында.

Марат Наильевичке жаңа қызметінде сәттілік тілейміз!