Рамазан Оразов: «Матч соңына қарай тиісті нәтижеге қол жеткізе алмадық»
01.Авг.2022
«Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Қазақстан Кубогінің 4-туры аясында өткен «Тараз» клубына қарсы кездесу (1:1) жайлы әсерімен бөлісті.
— Ең алдымен, «Тараздың» білікті команда екенін айта кету керек. Ал біз болсақ, барлық мүмкіндіктерімізді бірдей голға айналдыра алмадық. Шабуылдарымызды діттеген жеріне апармадық. Екінші таймда ойын қарқыны төмендеп, матч соңына қарай тиісті нәтижеге қол жеткізе алмадық. «Ақтөбе» тараздықтарды 2015 жылдан бері жеңе алмай келеді дейсіз бе? Мұның себебін білмедім. Бірақ біз әр ойында кез келген командамен тек жеңіске ойнауға тиіспіз.
— Уго Видемонсыз «Ақтөбенің» ойны ойын емес дейтін пікірлермен қаншалықты келісесің?
— Уго өз-өзіне мүмкіндік туындата алатын ойыншы, оны барлығы біледі. Ол өте мықты футболшы. Әрине, онсыз шабуылда көп нәрсе тындыру да қиын екені түсінікті.
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі