«Сараевомен» өз алаңымызда өтетін матчтың билеттері бүгін 14:00-де сатылымға шығады

09.Июл.2024

Бейсенбі күні УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Ақтөбе» өз стадионында босниялық «Сараевомен» күш сынасады.

Ойын Орталық стадионда өтеді. Билеттерді бүгін 14:00-ден кейін тек Ticketon сайтынан ғана сатып ала аласыздар. Ескерту: қағаз билеттер кассаға шықпайды.

«Ақтөбе» — «Сараево» матчы 11 шілде күні сағ. 20:00-де басталады.