Уче Агбо: Егер дәл осылай ойнай берсек, лига біздікі

30.Июл.2024

– Бүгін мен маусымдағы ең үздік ойнымды өткіздім деп ойлаймын. Бәріміз команда ретінде нығая түсіп келеміз деп ойлаймын. Егер дәл осылай ойнай берсек, лига біздікі деп сенемін

Ойынға дейін бапкердің бізбен сөйлескені көмектесті деп ойлаймын. Ол маусымның екінші жартысында біз өз максимумымызды көрсетіп, алаңда 100%-ға берілуге тиіс екенімізді айтты. Кейін ойыннан соң өкініп, кешірім сұрап жатпау үшін. Ойын алдында мен осы себепті шабыттандым және өзімнің жүз пайыз өнерімді көрсеткім келді

Бірінші тайм біршама ауырлау болды, қарсылас жекелей ойнай бастады. Ал екінші бөлікте біз олардың қателіктеріне қарай мүмкіндік жасауды ұйғардық. Осының арқасында екінші тайм мейлінше мінсіз өтті