Қайта оралуыңмен, Бага!

20.Дек.2023

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бағдат Қайыров «Ақтөбе» ойыншысы атанды.

30 жастағы латераль — «Ақтөбе» футбол клубының түлегі. Ақтөбеліктердің қосалқы командасында және «Ақтөбе-Жас» сапында доп тепкен.

Кейіннен әр жылдары ақтаулық «Каспий», қызылордалық «Қайсар», шымкенттік «Ордабасы» және қостанайлық «Тобыл» клубтарында ойнаған.

2016-2019 жылдар аралығында «Ақтөбе» намысын қорғап, сан түрлі турнирде ақ-қызылдар үшін жүзден астам матч өткізген және 2 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.