Қайта оралуыңмен, Игорь!

13.Янв.2024

Қазақстандық қақпашы Игорь Трофимец «Ақтөбе» ойыншысы атанды. Келісім-шарт мерзімі – 2 жыл.

27 жастағы голкипер — «Ақтөбе» футбол клубының түлегі. Ақтөбеліктердің қосалқы командасында және «Ақтөбе-Жас» сапында доп тепкен.

Кейіннен әр жылдары шымкенттік «Ордабасы», қарағандылық «Шахтер» және павлодарлық «Ақсу» клубтарында ойнаған.

2016-2019 жылдар аралығында «Ақтөбе» намысын қорғап, сан түрлі турнирде ақ-қызылдар үшін елуге жуық матч өткізген.