Қобдада «Ақтөбе» аудандық филиалдарының арасында турнир өтті
10.Июн.2022
Маусым айының 6-8 күндері аралығында Қобда ауданында футболдан 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы «Балалар жылына» арналған «Ақтөбе» ФК орталығы филиалдарының облыстық бәсекесі өткізілді.
Қобда балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің стадионында өткен турнирге «Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев пен клубымыздың футбол орталығы басшысы Валерий Прихно қатысты. Олар Қобда әкімі Болат Құлов пен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ермек Қоспановқа ақ-қызылдардың жейдесі сыйға тартып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Доданың «алтын кәрзеңкесі» бойынша сынға түскен Алға ауданы бірінші орынды иеленсе, екінші орынды Ембі, ал үшінші орынды Қобда өрендері місе тұтты. «Күміс кәрзеңке» бойынша Егіндібұлақ (Қобда) топ жарса, екінші орынды Шалқар ауданы алып, үшінші орын Кеңқияқ құрамасына бұйырды.
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі