Қош келдің Талғат!

02.Июл.2025

Қазақстандық қорғаушы Талғат Кусяпов — “Ақтөбе” ФК қатарын толықтырды. “Каспий” футбол мектебінің түлегі, өз мансабында “Қайрат”, “Каспий”, “Астана”, “Оқжетпес” командаларының сапында доп тепкен. Соңғы бір жарым жылда ресейлік “Камаз” ФК сапында ойнап, 8 ойынға қатысқан. Сондай-ақ, ол Қазақстан жастар құрамасының сапында барлығы 26 ойынға қатысты.

Сәттілік Талғат Рашитович!