Олег Лотов: «Ақтөбедегі көрермендердің арта түскенін және жанкүйерлік ету мәдениетінің де біраз қадам алға жылжығанын байқадым»
15.Авг.2022
«Тобылдың» аға бапкері «Ақтөбемен» өткен бүгінгі матч (0:1) туралы пікір білдірді.
— Жігіттерім жарады. Мінез көрсеттік, бірақ дұрыс нәтижеге жету үшін бұл жеткіліксіз. Бірақ нәтижені ысырып тастайтын болсақ, біз мұндай ойындарда біршама өсеміз. Тактикалық жағынан жақсы өнер көрсетіп, біз шәкірттеріміздің дамып келе жатқанын көре аламыз. Ең бастысы осы. Сол себепті нәтиже екінші орында. Екінші лигадан бөлек, біздер осымен кубоктегі бесінші ойнымызды ойнап тұрмыз, прогресс көзге көрінеді. Жеке шеберлік жағынан әлі де қосарымыз көп, допқа талас, алдау жағынан жасарымыз жетерлік. Қазақстан Премьер-лигасында ойнау үшін қандай деңгейде ойнау керек екенін жігіттер түсінуі керек. Ақтөбедегі мұндай атмосферада жас балалардың ойнай білуі де ерлік. Себебі өзім де футболшы ретінде мұнда талай рет доп тепкенмін. Мұнда футбол үлкен мейрам іспеттес. Әрине, бұндайда тек ойнай бергің келеді. Эмоцияның арқасында күш сарқылса да мінезді қосып ойнай түсесің. Иә, ежелгі «эль-класико» аталатын «Ақтөбе»-«Тобыл» бәсекесіне өзім көп рет қатысқанмын ойыншы ретінде. Сол кезбен салыстырсам, жанкүйерлердің тек артқанын байқап отырмын. Және де ақтөбелік көрермендер жанкүйерлік ету мәдениеті жағынан да біраз қадам алға жылжыған. Егер Қазақстандағы әрбір қалада осылай жанкүйерлік етсе футболшылар да ерекше ерік-жігермен ойнар еді.
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі