Виктор Тарчило: «Жігіттерім зор еңбек атқарды»
21.Ноя.2022
“Ақтөбе” футзал клубының бас бапкері “Ордабасымен” өткен екінші ойынға (3:0) баға беріп, маусымдағы мақсат-міндеттерге тоқталды.
— Ең алдымен, жігіттеріме алғыс айтқым келеді. Олар зор еңбек атқарды. Екі матчта да қарсыласқа гол салдырмау – үлкен жұмыстың арқасы. Сол себепті де шәкірттеріме және екі күнде де аренаға келіп бізге қолдау білдірген жанкүйерлерге рақмет айтамын. Әсіресе, балалар секторына басымды иемін. Кешегі ойынмен салыстырғанда “Ордабасы” мені таңғалдырды ма? Онша таңғалдырған жоқ. Бірақ бүгін олар сәл жинақы ойнады. Десек те біз бұл ойында қаншама сәттерімізді голға айналдыра алмадық. Соның кесірінен матч соңында шамалы сақ ойнауға тура келді. Осы жеңістерден кейін Ақтауға жақсы көңіл-күймен аттанамыз.
— Екі жеңістен кейін біз үшінші орынға көтерілдік. Бұған не дейсіз?
— Солай ма? Мен тіпті турнирлік кестеге қарамаппын да. Себебі оның еш маңызы жоқ деп ойлаймын. Жазға жақын, яғни мамыр айында плей-офф кезеңінде бәрі де белгілі болады. Сен негізгі чемпионатты бірінші орынмен аяқтап, плей-оффта бірден ұшып кетуің ықтимал. Сондықтан барлығы еш кетуі мүмкін. Біздің мақсатымыз – сол уақытқа дейін кез келген командаға қарсы төтеп бере алатын ұжымды қалыптастыру.