Рақмет, Милош!

04.Янв.2024

Черногориялық жартылай қорғаушы Милош Раичкович келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Ақтөбеден» кетті.

30 жастағы ойыншы маусым басында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлер аясында 30 ойынға қатысып, екі голдың авторы атанды. Сондай-ақ «Ақтөбемен» бірге қола медаль иеленді.

«Ақтөбе» футбол клубы Милошқа өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіре отырып, алдағы мансаптық жолына мол табыс тілейді.