Лео – “Ақтөбемен” бірге

14.Янв.2024

Аргентиналық жартылай қорғаушы Леонел Струмия “Ақтөбе” футбол клубымен арадағы келісім-шартын ұзартты.

31 жастағы хавбек былтырғы маусымның басында ақ-қызылдар құрамын толықтырып, барлық турнирлерде отыз матч өткізді және бір нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ маусым аяғына таман Лео капитан қолбауын ресми иеленіп, команданың көшбасшысына айнала білді. “Ақтөбемен” бірге Қазақстанның қола жүлдегері атанды.