Қош келдің, Шац!

15.Янв.2024

«Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы Игорь Шацкийдің ақ-қызылдар құрамына ауысқанын ресми хабарлайды.

34 жастағы ойыншы қарағандылық «Шахтер» түлегі және бүкіл мансабын дерлік Шацкий өз клубында өткізді.

Сондай-ақ ол астаналық «Жеңіс» пен қостанайлық «Тобыл» сапында да өнер көрсетті.

2017 жылдан бастап ұлттық құрамаға тартыла бастаған Игорь команданың негізгі қақпашысына айнала білді. 2022 жылы «Қазақстан Премьер-лигасының үздік қақпашысы» атанып, «Жыл спортшысы» номинациясында ұлттық жүлде иегері атанды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының соңғы жетістіктері Игорь Шацкийдің есіміне тікелей байланысты.