Хвала, Андрия!
24.Янв.2024
Хорватиялық шабуылшы Андрия Филипович «Ақтөбемен» қош айтысты.
26 жастағы ойыншы өткен маусымның басында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлердегі 28 матчта 5 гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.
«Ақтөбе» футбол клубы Андрияға өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіре отырып, ілгергі мансабына мол табыс тілейді.