Думбия – “Ақтөбенің” кезекті жаңа ойыншысы
26.Фев.2024
21 жастағы гвинеялық шабуылшы Амаду Думбия “Ақтөбе” футбол клубымен келісім-шарт жасасты.
Киндиа қаласының тумасы “Даймондз оф Гвинея” академиясын тәмамдап, марсельдік “Олимпик” (Франция) клубында қаралымнан өтеді. Кейіннен швециялық “Юргорден” (Стокгольм) сапын толықтырып, Конференция лигасында голмен көзге түседі. Жас ойыншы қос қапталда да, орталық шепте де ойнай алады.
Бізге дейін болгариялық “Ботев” (Пловдив) клубының намысын қорғаған.