Жаңа “Ақтөбе” ФК Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы тағайындалды

31.Июл.2024

“Ақтөбе” футбол клубы Басқарма төрағасының міндетін енді Ғайнижамал Қанатбаева уақытша атқармақ.

Бұған дейін Ғайнижамал Ержанқызы “Ақтөбе” футбол клубының Қаржылық мәселелер жөніндегі директоры және Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Ал осы уақытқа дейін “Ақтөбе” ФК басқарма төрағасының міндетін атқарған Азамат Шайхы өткен аптада өз еркімен лауазымдық орнын босатты. “Ақтөбе” футбол клубының ұжымы Азамат Ерболұлына атқарған қызметі үшін алғыс білдіре отырып, сәттілік тілейді.