Фредди Гондола: «Бұл голдарымның соңғысы емес деп үміттенемін»

16.Сен.2024

– Бүгінгі матч біздің команда үшін аса маңызды болды деп ойлаймын. Өйткені бұған дейінгі төрт ойында біз жеңе алмай жүрген едік. Бүгін, құдайға тәубе, оң нәтижеге жеттік. Енді біз күнтізбе бойынша алдағы қиын матчтарға дайындалуға тиіспіз

Жаңа бапкердің келуімен біздің ойын айтарлықтай өзгерді деп ойлаймын. Қазір біз допқа көбірек иелік етеміз, бірақ бапкер бізден мұны бірінші күннен талап етті дей алмаймын. Ал енді біз ойынға өз үлесімізді қоса түсеміз деп үміттенемін

Командаға өзімнің бар жақсы қабілеттерімді беруге тырысамын және бүгін клубтағы алғашқы голымды соққаныма қуаныштымын. Алайда бұл голдарымның соңғысы емес деп сенемін және Ақтөбе тұрғындарын қуанта беру үшін әлі талай доп соғу керектігін білемін