«Ақтөбенің» алғашқы шетелдік жиыны 11 қаңтарда басталады
06.Янв.2025
Ақ-қызылдар жаңа маусымға дайындық барысындағы оқу-жаттығу жиынын бастағалы отыр. Игорь Леонов шәкірттері 11-30 қаңтар аралығында келер маусымға даярлығын Түркияда өткізбек.
Анталиядағы (Белек) ОЖЖ аясында ақтөбеліктер 4 бақылау матчын ойнайды:
19.01 | Локомотив София (Болгария)
22.01 | Вардар (Солтүстік Македония)
26.01 | Пахтакор (Өзбекістан)
29.01 | Дукаджини (Косово)