Уче Агбо бізбен бірге!
17.Янв.2025
“Ақтөбе” ФК басшылығы нигериялық жартылай қорғаушы Уче Агбомен екеуара келісімшарт мерзімін ұзартты. Ойыншы 2025 жылдың соңына дейін “ақ-қызылдар” сапында ойнайды. Айта кетейік, өткен маусымда Уче барлық турнирлерде “Ақтөбе” сапында 28 матчқа қатысып, 3 гол соққан еді!
Сәттілік, Уче!