Сербиялық қорғаушы Неманья Анджелкович “Ақтөбе” сапын толықтырды

22.Янв.2025

Неманья Сербия чемпионаттарында өнер көрсеткен. Соңғы жылдары Әзірбайжанның “Зиря” ФК, Ресейдің “Акрон”, “Химки” командалары сапында доп тепкен. “Зиря” сапында барлығы 55 матчқа қатысып, Әзірбайжан чемпионатының қола жүлдесін алды. Сонымен қатар, Әзірбайжан кубогының финалисті атанды. Толятилік “Акрон” сапында барлығы 30 ойынға қатысып, бір мәрте гол соққан.

Қош келдің Неманья!