Саят Жұмағали — “Ақтөбе” ФК ойыншысы

07.Фев.2025

Ақтөбе футбол клубының түлегі “ақ-қызылдар” сапын толықтырды. 29 жастағы Саят Жұмағали мен клуб басшылығы өзара келісімге келді. Араға 6 жыл салып, Саят “ақ-қызылдар” сапына қайта оралды. Айта кетейік, Саят 2014-2019 жылдар аралығында “Ақтөбе” ФК сапында ойнаған. Орталық қорғаушы негізгі команда құрамындағы жалғыз голын “Астана” ФК қақпасына соқты.