Георгий Жуков “Ақтөбе” ойыншысы атанды

21.Июн.2025

“Ақтөбе” футбол клубы жаңа ойыншымен толықты. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков клубпен ресми түрде келісімшартқа қол қойды. Жуков тәжірибелі, әмбебап ойыншы ретінде Вячеслав Левчуктың командасында маңызды рөл атқарады деп күтілуде.

Ойыншы соңғы жылдары “Қайрат”, “Висла” Краков, “Цанчжоу Майти Лайонс”, және польшалық “Пуща” командаларында ойнады.
Сондай ақ, Жуков Қазақстан Ұлттық құрамасында 20-дан астам матч өткізіп үлгерген.

Жуковтың алаңдағы салқынқанды ойыны мен пас мәдениеті “Ақтөбенің”ортаңғы шебін күшейтеді деп күтілуде.

Қош келдің, Георгий!