Николай Костов: «Бізге тек ойынды сараптап, өз ойнымызды қалай жақсартуға болатынын түсіну қалды»

15.Сен.2025

– Қарсыласты жеңісімен құттықтаймын және халықаралық ойындарда сәттілік тілеймін. Өкінішке қарай, бірінші таймда кейбір негізгі ойыншыларымыздың ойыны жүрмей қойды. «Қайрат» футболшылары біздің қорғаныс шебімізге қатты қысым жасады. Соған қарамастан, біз гол жіберген жоқпыз, ал екінші таймда жағдай өзгерді.

Өкінішке қарай, біз голды дәл «Қайрат» командасы физикалық тұрғыдан әлсірей бастаған сәтте жіберіп алдық. Бірақ бұл – футбол, жағдайды таңдай алмаймыз. Бізге тек ойынды сараптап, екі фазада да өз әрекеттерімізді қалай жақсартуға болатынын түсіну қалды.