«Ақтөбе» әйелдер командасы – Қазақстан чемпионы!
12.Окт.2025
Ақтөбелік арулар маусымды тамаша аяқтап, ел чемпиондығын жеңіп алды!
Команда 26 матчтың 24-інде жеңіске жетіп, 2 кездесуді тең аяқтап, бірде-бір рет жеңілмеді.
Ал маусымның үздік сұрмергені – Алина Литвиненко, ол 23 матчта 72 гол соғып, команда жеңісіне зор үлес қосты.
«Ақтөбе» 6:0 «Астана»
Голдар: Бабшук 9, 36, Нурмиева 24, Литвиненко 31, 45+1, 90+4