Bine aţi venit, Bogdan!

24.Фев.2024

30 жастағы румыниялық сол жақ қорғаушы Богдан Вэтэжелу “Ақтөбе” ойыншысы атанды.

Рымнику-Вылча өлкесінің тумасы өз туған қаласының “Спортинг” клубы және Бухаресттің “Стяуа” сапында кәсіби мансабын бастайды.

Кейіннен “Металлул” (Решица) және “Университатя” (Крайова) клубтарында өнер көрсетіп, Чехияның “Спарта” (Прага) мен “Яблонец” ұжымдарының намысын қорғайды. Румынияның 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер, сондай-ақ ұлттық құрамасында ойнайды.

Румын Екінші лигасының және Кубогінің, Суперкубогінің жеңімпазы атанған Богдан бізге дейін “Университатя Клуж” клубында бағын сынаған.