Dobrodošli, Mateo!

10.Фев.2024

«Ақтөбе» футбол клубы 29 жастағы хорват қорғаушысы Матео Барачпен келісім-шартқа отырды. Келісім-шарт мерзімі – 2 жыл.

Синь өлкесінің тумасы өз отанындағы «Юнак», «Шибеник» және «Хрватски Драговоляц» пен «Осиек» құрамында доп тепкен. 2014 жылы Швейцарияға қоныс аударып, «Волен» сапында бағын сынайды.

Кейіннен Аустриядағы веналық «Рапид» клубына ауысады да, үш маусымнан соң Ресейдегі «Сочи» мен самаралық «Крылья Советов» ұжымдарында ойнайды. Хорватия ұлттық құрамасында дебют жасайды. Барачтың соңғы клубы — бельгиялық «Остенде».

Матеоға ақ-қызыл жанұяға қош келдің дей отырып, біздің командамен бірге зор табыстарға жетуін тілейміз.