Дмитрий Шомко: «Нашар жағдай орын алған жоқ, біз чемпиондық үшін таластамыз»

12.Sep.2022

“Ақтөбенің” қорғаушысы “Мақтааралмен” сырт алаңда өткен матч жайлы пікір білдірді.

— Өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық. Жалпы жақсы ойнадық. Өз қақпамызға гол әкелдік. Қарсылас қорғаныста отырып, тек пенальтиден ғана доп соқты. Басқа олардың еш мүмкіндігі болған жоқ. Оған қоса, өзіміз де бір-екі жүз пайыздық сәтімізді голға айналдыра алмадық. Бірақ меніңше нашар жағдай орын алды деуге келмейді. Иә, аутсайдермен ойында ұпай жоғалттық. Алайда чемпионаттан ұшып кету қаупінде тұрған команда біршама азуын көрсетті. Ойын ойдағыдай нәтижемен бітпесе де, біз чемпиондық үшін таласа бермекпіз. Жанкүйерлерден қолдау күтеміз.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі