Йоахим Адукор: «Екінші таймда өзімізді жақсы көрсеттік»

26.Apr.2022

“Ақтөбенің” ганалық орталық қорғаушысы “Мақтааралмен” өткен жеңісті матч (1:0) жайлы өз ойымен бөлісті.

— Бәрінен бұрын, ойын оңай болмады. Біз бірінші таймда өзіміздің үздік ойнымызды көрсетуге тырыстық, бірақ бұл өте қиын болды. Қарсылас алғашқы таймға өте жинақы шықты және біз екінші таймға өз-өзімізді дайындауға тиіс болдық. Иә, біз гол соғып, екінші таймда өзімізді жақсы көрсеттік.

— Ауыр бірінші таймнан соң бапкер не айтты?

— Біз өз ойнымызды жақсартуға тиіс едік, таласуға тиісті болдық. Себебі бұл ойын жоғары көтерілу үшін сенімділікті қайтару жолында жеңіс қажет болған матч болды. Бапкер бізге команда болып бірге күрес жүргізіп, жеңіс үшін таласты жалғастыру керек деп мотивация берді.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі