Кнауб: «Жанкүйерлер осылай қолдай беретін болса, финалға да жетіп қалармыз»

24.Sep.2021

Футзалдан Қазақстан құрамасының және «Ақтөбе» ойыншысы Арнольд Кнауб 2021-Әлем біріншілігінің 1/8 финалындағы Тайландпен болған (7:0) кездесу жайлы пікірімен бөлісті.

— Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын — 7:0! Ауыр матч болды, біз дайындалдық, қарсыласты егжей-тегжейлі түрде талдадық. Олардың мықты және әлсіз тұстарын қарастырдық. Қолымыздан келді деп ойлаймын. Көшбасшы ойыншыларына жақсы өнер көрсетуге мүмкіндік бермедік.

Өзімнің голым жайлы айтар болсам: әйелімнің аяғы ауыр еді, соның құрметіне осылай тойладым. Барлық жанкүйерлерге қолдау үшін алғыс айтқым келеді. Сіздермен бірге — біз күштіміз, егер сіздер әрі қарай да қолдай берсеңіздер, біз финалға да жетіп қалармыз!