Уго Видемон: «Жеңісті жолымызды жалғай береміз деп үміттенемін»

13.Jul.2022

«Ақтөбенің» үздік сұрмергені “Тұранға” қарсы өткен матч (2:0) жайлы өз ойымен бөлісті.

— Біз бұл жеңістен кейін турнирлік кестеде бірінші орынға қайта көтерілдік. Бірақ біз бұнымен тоқтап қалмай, әр матчта дәл осындай ойын көрсетіп, жоғары орын үшін талас жүргізуге тиіспіз. Қарсыласымызға келсек, шеберлік жағынан олар бізден әлдеқайда әлсіз деуге келмейді.

Соңғы бір-екі айда біз керемет командалық мінез көрсетіп, жарқын жеңістерге қол жеткіздік. Осындай сарында жалғастыра берсек діттеген мақсатымызға жете аламыз. Алдағы уақытта мейлінше көп ұпай алуға тырысып, жеңісті жолымызды жалғай береміз деп үміттенемін.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі