Ыдырыс “Ақтөбе” жейдесін қайта киді
25.Feb.2024
“Ақтөбе” футбол клубы мен шабуылшы Идрис Умаев келісім-шартқа отырды.
25 жастағы форвард “Ақтөбеге” былтыр маусым басталар тұста “Ахмат” клубынан жалға ауысып, ақ-қызылдар сапында әртүрлі турнирде 15 матч өткізді. Ол ойындарда 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Идрис биыл бірінші жиыннан бастап “Ақтөбе” қатарында болып, екі ОЖЖ аясында екі гол соғып та үлгерді.
![](https://fc-aktobe.kz/wp-content/uploads/2024/03/Rn7U38Z1POI-1024x683.jpg)