“Ақтөбе” жасөспірімдері республикалық турнирде топ жарды

17.Oct.2022

10-15 қазан аралығында қаламызда футбол ардагері Н. Шәлекеновты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық жарыс өтті.

Төрт жас категориясы бойынша өткізілген турнирде “Ақтөбе” ФК футбол орталығының үш командасы жеңімпаз атанды. Аталмыш додаға Қостанай (БЖСМ) мен Оралдан (“Ақжайық”) келген балалар командалары да қатысты.

2009-2010 жыл:
🥇 — “Ақтөбе-2009” футбол командасы;
🥈 — “Ақтөбе-2010” футбол командасы;

2011 жыл:
🥉 — “Ақтөбе-2012” футбол командасы;

2013 жыл:
🥇 — “Ақтөбе-2013” футбол командасы;

2014 жыл:
🥇 — “Ақтөбе-2014” футбол командасы.

Асығы алшысынан түскен ақтөбелік өрендер кубоктермен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі