Адукор Либерия құрамасының сапында толық матч өткізді
FC Aktobe

Адукор Либерия құрамасының сапында толық матч өткізді

Back to news
27 September 2022

«Ақтөбе» қорғаушысы Йоахим Адукор Африка ұлттар Кубогінің іріктеу кезеңіне дайындық аясында өтетін жолдастық кездесулерге шақырту алған болатын.

Либерия құрамасы кеше Нигер құрамасымен 0:0 есебімен тең тарқасты. Адукор алаңда 90 минут доп тепті. Оның командасы енді ертең Мысыр құрамасымен бақылау матчын ойнайды.

Ойындар Мысыр астанасы Каир қаласында өтіп жатыр.

Share
Адукор Либерия құрамасының сапында толық матч өткізді | FC Aktobe