Арман Кеңесов: \"Голым командаға пайдасын тигізіп жатса қуанамын\"
FC Aktobe

Арман Кеңесов: \"Голым командаға пайдасын тигізіп жатса қуанамын\"

Back to news
7 May 2023

Арман Кеңесов: \"Голым командаға пайдасын тигізіп жатса қуанамын\"

\"Ақсу\" қақпасына жеңіс голын соққан жартылай қорғаушы өткен кездесуден алған әсерін бөлісті.

— Өте ауыр жеңіс. Ақыры жеңіске жеткеніміз үшін қуаныштымын. Соңғы ойындарда жеңе алмай жүрген едік. Бүгін бар күш-жігерімізді салып, үш ұпайға қол жеткіздік. Төртінші голым? Иә, қазір салқынқанды түрде ұтымды сәтті күтіп, алыстан соққы жасауға тырысамын. Юрий Анатольевич (Логвиненко — баспасөз қызметі) те алыстан соққы жаса деп жиі айтады. Сенімділік пайда болды. Гол соғып, командаға пайдамды тигізіп жатсам, әрине, қуанамын. Ал бүгінгі голымды анама арнасам деймін.

\"\"
Share
Арман Кеңесов: \"Голым командаға пайдасын тигізіп жатса қуанамын\" | FC Aktobe