FC Aktobe
Ақтөбе ФК бапкерлік құрамындағы өзгерістер
FC Aktobe

Ақтөбе ФК бапкерлік құрамындағы өзгерістер

Back to news
7 January 2025
\"\" Жаңа маусымнан бастап қақпашылар бапкері болып Олег Шевченко тағайындалды. Украиналық 50 жастағы маман 2003 жылдан бастап бапкерлік мансабын бастаған. Оған дейін украиналық командалар сапында ойнап, КСРО U-16 құрамасының қақпашысы болды. Бапкерлік мансабының көпшілік бөлігінде Донецк қаласының “Шахтер” және “Металлург” командаларының жастар құрамасы қақпашыларын жаттықтырған. Енді Ақтөбе қосынындағы қақпа күзетшілерінің біліктілігін арттырады. Іске сәт Олег Валентинович!
Share