«Ақтөбе-U17» футзал командасы — Қазақстан чемпионы
FC Aktobe

«Ақтөбе-U17» футзал командасы — Қазақстан чемпионы

Back to news
11 May 2022

Қарағанды қаласында өткен финалдық кезеңде біздің жасөспірімдер рудныйлық \"Аят\", қарағандылық \"Тұлпар\" және алматылық \"Қайрат\" клубтарымен сынға түсті.

U-17 командалары арасында ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Жартылай финалда ақтөбелік жас өрендер \"Қайратты\" 5:4 есебімен ұтса, ақтық бәсекеде \"Тұлпарды\" 7:3 есебімен тас-талқан жеңді. Үшінші орын үшін таласта \"Аят\" пен \"Қайрат\" кездесіп, 7:4 есебімен ұтқан қарағандылықтар қоланы місе тұтты.

 Чемпионаттың үздік ойыншысы — Батырхан Кенжеғали, «Ақтөбе»
 Бас бапкер — Сержан Шуманбаев Қуандықұлы, «Ақтөбе»

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі

Share
«Ақтөбе-U17» футзал командасы — Қазақстан чемпионы | FC Aktobe