\"Балалар жылы\" аясында футболдан 2011 жылы және одан кейін туған жасөспірімдер арасында Спорт күніне арналған Қарғалы ауданының ашық турнирі өтті.
Жарыс 17-20 тамыз күндері аралығында Бадамша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңында ұйымдастырылды.
Талас-тартысқа толы турнирде \"Ақтөбе\" футбол клубының Мәртөк филиалдық командасы топ жарса, екінші орынды \"Ақтөбе-2013\" иеленді. Ал қоланы Алға аудандық \"Ақтөбе\" футбол орталығының жеткіншектері жеңіп алды.
\"Ақтөбе\" ФК баспасөз қызмет
25 August 2022
Share

