\"Ақтөбе\" ФК сапына үшінші мәрте оралып отырған шабуылшы клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында өз әсерлерімен бөлісті:
\"Даңқты клубқа қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Себебі \"Ақтөбе\" — Қазақстандағы менің ең сүйікті командам.
Мұндағы атмосфераны, бақытты шақтарды сағынған едім. Осы мүмкіндікті ұсынып отырған клуб басшылығына алғыс білдіремін.
Командаға мейлінше көмектесіп, барынша барлық мақсат-міндеттерді орындауға атсалысамын деп сенемін\", - деп ағынан жарылды Игорь.
\"Ақтөбе\" ФК баспасөз қызметі
9 August 2021
Share

