FC Aktobe
Лев Скворцов: Ақтөбе өте жақсы шешім деп ойлаймын
FC Aktobe

Лев Скворцов: Ақтөбе өте жақсы шешім деп ойлаймын

Back to news
21 December 2024

– Агентім хабарласып, Ақтөбеден ұсыныс түскенін айтқанда бірден келістім. “Химки” және “Шинник” командаларына алғысым шексіз. Мені футболшы ретінде жаңа деңгейге шығарды деп есептеймін.

Ақтөбелік жанкүйерлердің футболға деген ықыласы ерекше екенін білетінмін. Әр ойынға 11-12 мың жанкүйер тұрақты түрде келіп, команданы қолдайтыны бәріне мәлім. Енді сол әсердің барлығын өз көзіммен көру бақыты бұйырып тұр. Қобыланды батырдағы ғажап атмосфераны сезінуге асықпын.

Барша жанкүйерлерге айтарым, келіп, командамызды қолдаңыздар. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында ең жоғары орындарға таласатынымызға сенімдімін.

\"\"
Share
Лев Скворцов: Ақтөбе өте жақсы шешім деп ойлаймын | FC Aktobe