FC Aktobe
Ресми: Джордже Ивкович - “Ақтөбе” ФК ойыншысы
FC Aktobe

Ресми: Джордже Ивкович - “Ақтөбе” ФК ойыншысы

16 February 2025
Сербиялық шабуылшы “ақ-қызылдар” қатарын толықтырды. 28 жастағы шабуылшы бойшаң әрі жылдам футболшы болып саналады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Македония чемпионатында ойнап, 17 ойында 9 гол соққан. Бойшаң футболшы екінші қабатта да, ойын сәттерінде де тез шешім қабылдайтынымен ерекше. Бойы 191 см. Оңқай. Шабуылшы Қазақстан чемпионатында да жақсы қырынан танылады деген сенімдеміз. Қош келдің Джордже!