«Ақтөбе» маусымалды дайындығын тәмамдады

05.Mar.2022

Владимир Муханов шәкірттері Түркиядағы үшінші оқу-жаттығу жиынын аяқтап, Алматы қаласына ұшып келді.

Маусым алдындағы соңғы әзірлік аясында ақтөбеліктер үш бақылау матчын өткізді. Оңтүстік астанада бүгін түс қайта ойыналды жаттығуын өткізетін қызыл-ақ команда — жаңа біріншілікке сақадай сай.

Еске сала кетейік, Olimpbet-Қазақстан чемпионатының жаңа маусымын «Ақтөбе» алматылық «Қайратқа» қарсы кездесумен бастамақ. Ойын ертең ақтөбелік уақытпен 14:00-де сырт алаңда өтеді. Матчты QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі