«Ақтөбе» өз жиынын жеңіспен бастады

10.Jun.2022

Алматылық “Қайратпен” кеше кездескен жігіттеріміз 3:0 есебімен жеңді.

“Ақтөбе” сапында Виталий Балашов, Әлібек Қасым және Сердер Сердеров көзге түсті.

Қос тараптың келісімі бойынша матч жабық түрде өтті. Апталық ОЖЖ аясында ақтөбеліктер “Қайратпен” тағы бір мәрте бақылау ойнын өткізеді.

Еске сала кетейік, қызыл-ақтардың оңтүстік астанадағы оқу-жаттығу жиындары 14 маусымға дейін жалғасады.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі